19 наурыз – Жаңару күні

Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты. Бүгін еліміздегі әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында аталып […]
Ұлттық спорт күні: Жамбыл филармониясы мен балалар үйіндегі Наурыз думаны

Құрметті достар, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында әр күн түрлі тақырыптарға арналғаны белгілі. Осыған сәйкес, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді. Ұлттық спортпен шұғылданатын спортшылардың бітім-болмысының өзгеден бөлектеніп тұратыны да осыдан болса керек. Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл күн спортшылар мен қарапайым халық […]
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Ардақты ағайын,бүгін, 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Наурыз мейрамында халқымыздың басты құндылықтарының бірі – ұлттық салт-дәстүрі. Бұл күндері ел жадында сақталған «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Беташар» сынды ғұрыптар насихатталады. Қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – баланың тұсауын кесу. Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез […]
«НАУРЫЗ-ДУМАН»

Құрметті достар! Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойы аясында Көрісу күні – Амал мерекесіне орай, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, «Наурыз-Думан» атты концерт өткізді. Кеште Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының камералық құрамы, Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Жанқожа Аяпов жеке дауыста өнер көрсетті. Мерекелік концерт басында Жамбыл […]
8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні

Аяулы аналар, ару қыздар қауымы! Сіздерді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы көктем шуағымен қатар келетін халықаралық мереке — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі мейрам ізгіліктің, мейірімділіктің, сұлулықтың нышаны. Әлемнің бар жақсылығы мен сұлулығы сіздердің жүректеріңізден бастау алады. Сіздер отбасының шуағы, еңбектің берекесі, өмірдің мәні мен сәнісіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға […]
Алғыс айту күні

Құрметті достар! Бүгін шұғылалы көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мереке – Алғыс айту күні. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев мереке ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптелетін, қиын-қыстау замандарда мейірімділік пен жанашырлық таныта білген, әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртатынын айтады. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық […]
Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығы аясында филармония қызметкерлерінің арасында «Салауатты өмір» атты үстел теннисі мен шахматтан турнир өтті

Жарысқа филармонияның барлық шығармашылық ұжымдары, атап айтсақ, ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрі, ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Н.Тілендиев атындағы академиялық-фольклорлық «Отырар сазы» оркестрі, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының әртістері мен әкімшілік және қосалқы құрам қызметкерлері де белсене қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында филармонияның директоры Ақан Абдуалиев қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша теннистен ерлер арасында Ахметов Асет […]
Өнер сүйер қауымға ерекше кеш: «Әнге әуес, күйге құмар» атты концерт

Жан жүрегі ән мен күй деп соғатын барша Алматылық көрермен бүгінгі кешті Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында өткізді. 90 жылдық тарихы бар қазақ өнерінің алтын ордасында дәстүрлі қазақ музыка жауһарларының ізін жалғаушы филармонияның жеке орындаушыларының «Әнге әуес, күйге құмар» атты кезекті концерті өтті. Концертте Мәдениет қайраткері ЕРЖАН ӘЛІМБЕТОВ, Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы, Халықаралық […]
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы

Ұлты қазақ шетел азаматтарына арналған Қатысу мерзімі: Өтінім қабылдау: 1 ақпан – 20 наурыз 2025ж. Қазылар алқасының қарауы: 21 – 26 наурыз Жеңімпаздарды марапаттау: 1 сәуір, Астана қ. Қатысу шарттары: Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын […]
ЖЕКСЕМБЕК ЕРКІМБЕКОВТЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында ҚР Мемлекеттік және қоғам қайраткері Жексембек Еркімбековтың 95 жылдығына арналған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, пианист Серік Еркімбековтың «Отаным» атты авторлық кеші өтті. Жексембек Еркімбеков — 1966-1976 жылдары Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде өнер басқармасының бастығы, министрдің орынбасары, 1976-1987 жылдары Мәдениет министрі болып қызмет етті. Ол басшылық […]