Жан жүрегі ән мен күй деп соғатын барша Алматылық көрермен бүгінгі кешті Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында өткізді. 90 жылдық тарихы бар қазақ өнерінің алтын ордасында дәстүрлі қазақ музыка жауһарларының ізін жалғаушы филармонияның жеке орындаушыларының «Әнге әуес, күйге құмар» атты кезекті концерті өтті. Концертте Мәдениет қайраткері ЕРЖАН ӘЛІМБЕТОВ, Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Жанқожа Аяпов пен Біржан Бәзілжан өнер көрсетті.
Бағдарлама шымылдығы Құрманғазының «Балқаймақ» күйімен ашылып, барша өнер сүйер қауымды рухтандырып, ерекше әсер берді.
Дәстүрлі орындаушыларымыздың кешіндегі басты ерекшелік-келген көпшілікпен тығыз байланысып, аудиториямен еркін форматта қазақтың төл өнері ән мен күйін насихаттау.