ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні

IMG_7854

Аяулы аналар, ару қыздар қауымы!
Сіздерді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы көктем шуағымен қатар келетін халықаралық мереке — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі мейрам ізгіліктің, мейірімділіктің, сұлулықтың нышаны. Әлемнің бар жақсылығы мен сұлулығы сіздердің жүректеріңізден бастау алады. Сіздер отбасының шуағы, еңбектің берекесі, өмірдің мәні мен сәнісіздер.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз. Көңілдеріңіз көктемдей жайнап, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Бар арман-мақсаттарыңыз орындалып, жүректеріңізді шаттық кернеген өмір сыйласын!

Мереке құтты болсын!

Әлеуметтік желіде бөлісу