ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

АЛМАТЫДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН «ГҮЛ АЛМАТЫ — 2026» V МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ХОР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

АЛМАТЫ, 1 мамыр 2026 жыл  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында еліміздің хор өнеріндегі ең ауқымды шаралардың бірі – дәстүрлі «Гүл Алматы – 2026» V фестивалі жоғары деңгейде өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл бірегей мәдени жоба биыл бесінші мәрте шымылдығын түрді. Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – оның ауқымында. Сахна […]

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Құрметті өнерсүйер қауым! Жер-Ана бусанып, тіршілік атаулы түлеп, табиғат жаңару мен жаңғыруға ұмтылған Әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлыстың ұлы күні — ата-бабамыздан қалған киелі дәстүрдің, ізгілік пен молшылық мерекесі. Күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасы еріген осынау шуақты сәтте әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ тілейміз. Күмбірлеген күйіміз бен әуезді әніміз төрімізден үзілмей, ұлттық […]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша семинардың хаттамасы

Previous Next Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша семинардың      хаттамасы   Өту орны: Алматы қ., Толе би көшесі 35/23           Филармония, 2 қабат, конференц зал Күні: 30.03.2026 ж. Қатысқан адам саны- 65 қызметкер Бағдарлама: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты және негізгі қағидаттары.   Спикерлер : Абзал Қуанышұлы —  Жамбыл атындағы филармония директорының орынбасары. Тұрлықожа Толқын- […]

Бүгін «Жұбанов жаққан жұлдыздар»гастрольдік концертіне арналған баспасөз брифингі өтті

Previous Next Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында көрнекті композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Жұбанов жаққан жұлдыздар» атты гастрольдік концертке байланысты баспасөз брифингі өтті.Жиын барысында Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы ұйымдастыратын мәдени шараның маңызы мен өткізілу барысы туралы баяндалды.Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында өтетін бұл кеш өңірлер арасындағы мәдени […]

Аяулы арулар, ардақты аналар!

Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір әйел заты — тағдырдың жазған ең нәзік симфониясы мен өмірдің ең көркем әуені іспетті. Сіздер бар жерде әлем үйлесім тауып, айнала нұрға бөленеді. Музыка өнерінің шексіздігі сияқты, әйел жаны да — сарқылмас мейірім мен терең парасаттың бастауы. Осынау айтулы мерекеде […]

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады

Қадірлі қауым! Сіздерді қазақ халқының заңғар тұлғасы, әдебиетіміздің алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Жамбыл Жабаев – ұлт руханиятында ерекше орны бар тарихи қайраткер, төл мәдениетіміздің аса көрнекті өкілі. Әйгілі жыршы шоқтығы биік шығармалары арқылы отаншылдық пен ынтымақ, ерлік пен елдік, адалдық пен әділдік секілді мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді. Халқымыздың біртуар перзенті айтыс […]

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ

Previous Next Бүгін Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ата толғауы» атты салтанатты концерт өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы мен Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Концертте Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор […]

1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті отандастар! Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Алғыс айту күні – тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қасиетті қазақ топырағы мен қонақжай халқымызға деген шынайы ризашылығының белгісі. Бүгінде осы бірлік пен өзара құрметтің арқасында біз бейбітшілік пен келісім орнаған қуатты мемлекет құрып отырмыз. Осынау айтулы күні баршаңызға […]

Алматыда Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы алғаш рет қазақ тілінде сахналанады

Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасының тұңғыш рет қазақ тілінде сахналануына орай баспасөз брифингі өтті. Жиынға бірқатар БАҚ өкілдері мен өнер саласының мамандары, сондай-ақ Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Нұрғиса Мұратұлы, Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Қанат Омаров және […]

Құрметті тыңдармандар!

Ticketon.kz платформасындағы техникалық ақауларға байланысты онлайн билет сатып алу уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз. Билеттерді Филармония кассасынан сатып алуға болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.