Жарысқа филармонияның барлық шығармашылық ұжымдары, атап айтсақ, ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрі, ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Н.Тілендиев атындағы академиялық-фольклорлық «Отырар сазы» оркестрі, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының әртістері мен әкімшілік және қосалқы құрам қызметкерлері де белсене қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында филармонияның директоры Ақан Абдуалиев қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша теннистен ерлер арасында Ахметов Асет І орынға лайық танылса,Төреханов Ерасыл мен Ахимбаев Елжан үздік үштікті түйіндеді. Қыздар арасында І орынды Кадирова Жамила алса, Смахан Балжан мен Сабанчиева Перизат ІІ,ІІІ орындарды өзара бөлісті. Жарысқа қатысушы спортшылар алғыс хат және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Шахмат бойынша Рахимов Сағындық топ жарса, Шаяхметов Нияз бен Жунисов Айдын жүлделі үштіктен көрінді.
Іс-шараның мақсаты – филармония қызметкерлерін спортқа баулу, бірлікке, ынтымақтастық пен ауызбіршілікке шақыру. Үрдіске айналар турнир қара шаңырақ қабырғасында болашақта дәстүрлі түрде өтіп отырады. Салауатты өмір салты – ел болашағы!