Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.
Бүгін еліміздегі әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында аталып өтті. Осыған орай, қара шаңырақ ауласын көркейту мақсатында филармония қызметкерлерінің қатысуымен ағаш отырғызып, игі шараға белсене қатысты.
Жаңару күні құтты болсын!