ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Данияр Азатқалиұлы директордың менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды

28 сәуір Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының бұйрығымен көп жылдар Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің әртісі және бас әкімгері, 2023 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының көркемдік жетекшісі қызметін атқарған «Мәдениет саласының үздігі» Данияр Азатқалиұлы Байжұманов директордың менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Әріптесімізді ұжым атынан […]

«Отырар сазы» оркестрінің әртістері жеңіспен оралды

Құрметті достар, 14-16 сәуір аралығында Қарағанды қаласында күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына орай, халық аспаптарында орындаушылардың IX Республикалық конкурсы өтті. Өнер аламанында еліміздің түкпір-түкпірінен 69 қатысушы бақ сынады. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің әртістері Тореханов Ерасыл (қылқобыз) мен Нұртай Әсия (прима-қобыз) өнер көрсетіп, жүлделі І-дәрежелі дипломға ие болды. Байқау […]

Наурыз мейрамы аясында филармония ұжымы ұлттық ойындар мен салт-дәстүрді ұлықтап, өнер көрсетті

Арқан тартыс:1 орын: Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы2 орын: ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі3 орын: Шаруашылық техникалық бөлім Қол күрес:1 орын: Молдақаппас Нұрғали2 орын: Омирбаев Ерлік3 орын: Бисенгалиев Даурен Кір тасын көтеру:1 орын: Ахметов Асет2 орын: Молдақаппас Қайрат3 орын: Тілеулиев Қайрат  

ӘЗ-НАУРЫЗ

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Ұлыстың ұлы күніне орай, «Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Филармонияның барлық шығармашылық ұжымдары мен әкімшілік, шаруашылық қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиын филармония сыртындағы концерттік бағдарламамен басталды. Previous Next Ұжымдар арасында қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, жарыс ұйымдастырылды. Қазақтың халық әні мен күйлері орындалып, ұлттық салт-дәстүрлері де ұлықталды. Салт-дәстүр көрінісін […]

Халықаралық онлайн домбыра байқауы «Әлқисса»: Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай жеңімпаздар марапатталды

Бүгін өнер ордасы Жамбыл филармониясының шаңырағында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауының жеңімпаздары 1 орын иегері Ғабдуллин Жанатбек (Моңғолия) пен ІІ орын иегері Мустафа Еркінбекті (Моңғолия) марапаттады.        ҚР СІІМ қарасты «Отандастар қоры» — мен бірлесіп ұйымдастырылған шараның қорытынды сәтінде филармония директоры Ақан Абдуалиев алғы сөз айтып, филармония […]

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Халық қаһарманы, көрнекті композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса-Нұрғиса» атты мерейтойлық концерттің салтанатты ашылуы өтті. Бұл концерт композитордың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасының бастамасы болды. Кеште ұлы тұлғаның құрметіне Мемлекет басшысының атынан гүл шоқтары табыс етілді. […]

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған Халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауының жеңімпаздары анықталды

ҚР СІМ қарасты «Отандастар қоры» және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы бірлесе ұйымдастырған домбыра байқауына АҚШ, Испания, Словакия, Түркия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстанда тұратын 100ге жуық адам қатысты. Жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Жас Қазақ» жазғы этно лагеріне жолдама алады. 18-25 жас аралығы бойынша: 1-орын: Ғабдуллин Жанатбек – Моңғолия;— Диплом, домбыра, […]

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына 90 жыл» тақырыбында брифинг өтті

  Баспасөз конференциясында филармония директоры АБДУАЛИЕВ АҚАН ЖЫЛҚЫШЫБАЙҰЛЫ 90 жылдығы аясында жылдық жоспардағы атқарылып жатқан және атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы мәлімдеді. •Мерейтой аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іс-шаралар жоспарын бекітті. •Жыл басынан бастап «Ұрпақ сабақтастығы» атты Алматы қаласындағы өнер оқу орындарымен бірлескен концерттер ұйымдастырылып бастады. •Мамыр айында Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының ұйымдастыруымен «Гүл […]

22 Наурыз – Жыл басы

«Жыл басы» – халқымыздың салт-дәстүрі мен құндылықтарын тағы бір жаңғыртып, тарихтың жаңа бетін ашуға шабыттандыратын күн. Самарқанның көк тасы еріген, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ұлтымыздың қазынасы болған — ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетіміз биікте болсын. Ұлыс оң, ақ мол болсын!