ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Мәдениет қызметкерлерінің форумына 600-ден астам сарапшы қатысты

Previous Next 2025 жылғы 19 мамырда Астанада Мәдениет қызметкерлері форумының ашылуы болып өтті. Іс-шара мәдениет және өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне арналды. Алдағы үш күн бойы музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің және мәдени-демалыс мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері саланы дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар әзірлейді. Панельдік сессиялар бір мезетте бірнеше алаңда өтуде. Мәселен, Ұлттық музейде III Қазақстандық […]

Астанада Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтеді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауы бойынша,19-21 мамыр аралығында Астана қаласында Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтеді. Іс-шара жыл сайын 21 мамырда атап өтілетін өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылған. Мереке мәдени-тарихи мұраны сақтау және тарату миссиясы жүктелген шығармашылық кәсіп өкілдерінің еңбегінің маңыздылығын көрсетеді. Бүгінде Мәдениет және өнер саласында 60 мыңға жуық адам еңбек етуде. Форумның негізгі идеясы […]

«Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэр

2025 жылдың 26 мамыр күні сағат 10:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығы және Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойларына орай суретші студент жастардың өнерін насихаттау мақсатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжі және О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік — […]

Бүгін – Халықаралық отбасы күні!

Құрметті ағайын, Бүгін – береке мен бірліктің, сүйіспеншілік пен сыйластықтың символына айналған отбасы күні. Отбасы – әрбір адамның алғашқы мектебі, тәлім мен тәрбиенің, рухани құндылықтардың бастауы. Ұлттың болашағы – берік отбасының негізінде қаланады. Осы күнге орай, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтайды! Әр шаңыраққа құт-береке, шаттық тілейміз.

Бүгін — Аналар күні🌷

Құрметті ардақты аналар қауымы, сіздерді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы Аналар күнімен шын жүректен құттықтайды. Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымызға денсаулық, амандық, бақ-береке тілейміз. Мереке құтты болсын!

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ!

Қымбатты отандастар, ардақты ардагерлер, сіздерді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 9 мамыр – Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл мереке – ержүрек батырларымыздың жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Бейбіт күннің аспанында шуақты күніміз шалқысын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Құрметті ер-азаматтар, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сіздерді «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, таусылмас бақыт тілейміз! Дорогие соотечественники! Казахская государственная академическая филармония имени Жамбыла искренне поздравляет Вас с праздником «7 мая – День защитника Отечества»! Желаем вам крепкого здоровья, сильной воли и безграничного […]

«ГҮЛ АЛМАТЫ. FLOWER CITY»

Previous Next Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығы аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Гүл Алматы. Flower city» фестивалінің-концерті өтті. Филармонияда биыл дәстүрлі түрде төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған фестивальдің мақсаты — еліміздегі балалар хорын дамытып, жас таланттардың танылуына […]

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

18-20 сәуір аралығында, Астана қаласындағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында I Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауы өтті. Өнер аламанының алғашқы кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылып, 42 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды. Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің әртісі(шертер) Уали Мұратқазин байқауда бой көрсетіп, «Шертер» номинациясы бойынша жүлделі І-дәрежелі дипломға ие болды. Жеңімпаз […]