Қымбатты отандастар, ардақты ардагерлер,
сіздерді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 9 мамыр – Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке – ержүрек батырларымыздың жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Бейбіт күннің аспанында шуақты күніміз шалқысын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!