ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

«Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэр

WhatsApp Image 2025-05-15 at 11.37.13

2025 жылдың 26 мамыр күні сағат 10:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығы және Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойларына орай суретші студент жастардың өнерін насихаттау мақсатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжі және О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік — қолданбалы өнер колледждерінің бірлескен «Филармония жас суретшілердің көзімен» атты пленэрдің ашылу салтанаты өтеді.
Пленэрдің негізгі мақсаты – еліміздің жас суретшілерінің шығармашылығына қолдау көрсету, олардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, ұлттық өнеріміздің терең мәнін қазіргі жастар көзімен жаңаша көрсетуге мүмкіндік беру. Пленэрдің ерекшелігі – қатысушылар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясындағы мерейтой тақырыбының аясында құрылыс нысандары мен шығармашылық ұжымдарды суреттейтін болады. Бұл шара жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың туындыларын көпшілікке танытуға мүмкіндік береді.
26-30 мамыр аралығында өтетін іс-шара 30 мамыр күні сағат 10:00-де қорытындыланады. Қылқалам ұстаған жас суретшілерімізге ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етіледі.
Плэнердің бағдарламасы:
26 мамыр сағат 10:00 – Жамбыл атындағы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында ашылу салтанаты,
27 мамыр сағат – 10:00-14:35 — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында сурет салу іс-шарасы,
28 мамыр сағат – 10:00-14:35 — Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында Жамбыл мұражайында сурет салу іс-шарасы,
29 мамыр сағат – 10:00-14:35 — Жамбыл атындағы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында сурет салу іс-шарасы,
30 мамыр сағат – 10:00 — Жамбыл атындағы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында марапаттау кеші.

Әлеуметтік желіде бөлісу