18-20 сәуір аралығында, Астана қаласындағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында I Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауы өтті. Өнер аламанының алғашқы кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылып, 42 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды. Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің әртісі(шертер) Уали Мұратқазин байқауда бой көрсетіп, «Шертер» номинациясы бойынша жүлделі І-дәрежелі дипломға ие болды. Жеңімпаз әріптесімізді шын жүректен құттықтап, өнер жолында шығармашылық табыс тілейміз!