ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ӘЗ-НАУРЫЗ

main

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Ұлыстың ұлы күніне орай, «Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Филармонияның барлық шығармашылық ұжымдары мен әкімшілік, шаруашылық қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиын филармония сыртындағы концерттік бағдарламамен басталды.

Ұжымдар арасында қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, жарыс ұйымдастырылды. Қазақтың халық әні мен күйлері орындалып, ұлттық салт-дәстүрлері де ұлықталды. Салт-дәстүр көрінісін Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі «Қыз қуу» ұлттық ойынымен бастап, басқа да ұжымдардың «Құда түсу», «Құйрық бауыр асату», «Қыз ұзату», «Беташар», «Бесікке салу», «Тұсаукесер» рәсімімен жалғасын тапты.

Ұлттық ойын бойынша жарыста арқан тартыс ойынынан топ жарған 1 орынды Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, 2 орын ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, 3 орынды Шаруашылық техникалық бөлімі иеленді. Дәл сол секілді қол күрес пен кір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамы тағы да баршаңызға құтты болсын! Қазақ өнерінің қара шаңырағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы барлық қызметкерлері мен тыңдармандарына тек жақсылық тілейді.

Әлеуметтік желіде бөлісу