ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Халықаралық онлайн домбыра байқауы «Әлқисса»: Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай жеңімпаздар марапатталды

Ecia_aaeaaieaa_WhatsApp_2025-04-04_a_17.19.17_184bd476

Бүгін өнер ордасы Жамбыл филармониясының шаңырағында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауының жеңімпаздары 1 орын иегері Ғабдуллин Жанатбек (Моңғолия) пен ІІ орын иегері Мустафа Еркінбекті (Моңғолия) марапаттады.

 
 

 

 

ҚР СІІМ қарасты «Отандастар қоры» — мен бірлесіп ұйымдастырылған шараның қорытынды сәтінде филармония директоры Ақан Абдуалиев алғы сөз айтып, филармония тарапынан демеушілердің қолдауымен қазақстандық шеберлер жасаған домбыра мен Н.Тілендиевтің шығармаларына арналған кітабы мен ақшалай сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар, Астана қаласында ҚР СІМ қарасты «Отандастар қоры» КеАҚ президенті ІІІ орын иегері Нурадил Аққұланға шапан жауып, арнайы дипломмен құттықтады.

 
 

 

 

Әлемнің әр бұрышында Н.Тілендиевтің асыл мұрасын қасиетті домбырада күмбірлеткен әр қатысушыға алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен тағы да құттықтаймыз!

Әлеуметтік желіде бөлісу