ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына 90 жыл» тақырыбында брифинг өтті

брифинг 3

  Баспасөз конференциясында филармония директоры АБДУАЛИЕВ АҚАН ЖЫЛҚЫШЫБАЙҰЛЫ 90 жылдығы аясында жылдық жоспардағы атқарылып жатқан және атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы мәлімдеді.

•Мерейтой аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іс-шаралар жоспарын бекітті.

•Жыл басынан бастап «Ұрпақ сабақтастығы» атты Алматы қаласындағы өнер оқу орындарымен бірлескен концерттер ұйымдастырылып бастады.

•Мамыр айында Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының ұйымдастыруымен «Гүл Алматы. Flower city» атты фестиваль-концертін ұйымдастыру жоспарланған.

* Мамыр айында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы және Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжімен бірлескен пленэр ұйымдастырылады.

•Маусым айында Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі «ХХ-25» атты фестивалін өткізеді.

•Қыркүйек айынан бастап Филармонияның 90-шы маусымашар концерттері өтеді. Биыл Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы да 90 жылдық мерейтойын ерекше атап өтуді жоспарлап отыр.

•Биылғы жылы филармония ұйымдастыратын концерттерде шетелден шақырылған  танымал әртістер Алексей Пузаков (Ресей), Таир Бейшеев (Қырғызстан), Айдар Торыбаев (Украина) және т.б. өнер көрсететін болады.

•Қараша айында филармонияның барлық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен бірлескен Гала-концерті Республика сарайында өткізіледі.

Әлеуметтік желіде бөлісу