Ерке Ертіске тарту: Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтеті Павлодарға гастрольдік сапармен барып қайтты

Previous Next Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтеті алғаш рет Ертіс өңіріне табан тіреді. Үш онжылдыққа жуық кәсіби қалыптасу жолы бар, «Open Spain» халықаралық конкурсының Гран-при иегерлері екі күн ішінде Екібастұз, Ақсу және Павлодар қалаларында мазмұнды концерттер мен жоғары деңгейдегі шеберлік сыныптарын өткізді. Өнер сапары Екібастұз қаласындағы Естай атындағы балалар музыка мектебінен […]
Көрермендеріміз үшін қуанышты жаңалық! Енді онлайн билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді!

⚠️ Назар аударыңыздар! Құрметті тыңдармандар, қонақтарымыз бен орындаушыларға кедергі келтірмеу үшін концерт басталғаннан кейін 25 минут өткен соң есіктер жабылады. Жас шектеуі: 6+ (балалардың туу туралы куәлігі кез келген форматта өзіңізбен бірге болуы керек)
Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының құрылған күні

1935 жылғы 14 қаңтарда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен негізі қаланған филармония 1938 жылы жыр алыбы Жамбылдың есімін иеленіп, ал 2023 жылы академиялық мәртебеге қол жеткізіп, шығармашылық дамудың жаңа белесіне көтерілді. Филармонияның ашылу тарихы көрнекті музыкатанушы, композитор, дирижер, Қазақ КСР-нің халық әртісі, академик Ахмет Жұбановтың есімімен тығыз байланысты. Әр жылдары ұжымға Е.Брусиловский, […]
ДӘУІРЛЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ 90 ЖЫЛ

Ваш браузер не поддерживает отображение PDF. Скачать файл «New 60х84 1-8 Kazakh_Music_Golden_Age_90_Zhambyl_compressed.pdf»
Сенат депутаты филармония ұжымымен кездесті

Previous Next Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, белгілі қоғам қайраткері, журналист Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің және қабылданған заңдардың орындалу барысын қадағалау мақсатында өңірлерге жасаған сапары аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына арнайы келді. Одан кейін ғимаратты, атап айтқанда концерттер өтетін үлкен залды және Нұрғиса Тілендиев атындағы Камералық залға арнайы кірді. […]
Еліміздің кемелдену кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» халықаралық газетіне берген сұхбаты Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі жүйелі өзгерістерге деген берік ұстанымының көрінісі. Президент елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы түбегейлі өзгерістерге тоқталып, заңдылық пен әділеттілік принциптерін орнатудың басымдығын айқын көрсетті. Бұл, біз сияқты мәдениет және өнер мекемелері үшін қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігінің сақталуы кез келген шығармашылық қызметтің […]
Құттықтаймыз!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы қазақ өнерінің ақсақалы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің кавалері Нұрғали Нүсіпжановты бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтайды! Нұрғали ағамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы, жақындарына амандық, ал шығармашылық жолына толайым табыс пен рухани қуат тілейміз. Ұлт өнерінің шамшырағы болып, қазақ рухын әлі талай […]
Балаларға базарлық!

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен зал фойесінде ұжым қызметкерлерінің балаларына арналған ерекше мерекелік шара өтті. Шарада түрлі кейіпкерлер балаларды «Кибер Жаңа Жыл 2026» атты ертегі әлеміне шақырып, интерактивті бағдарлама ұсынды. Көңілді шарада айтулы Трансформер Бамблби шоуы көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған кейіпкерлермен фотосессия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қызықты еден үстіндегі сақина (Напольное кольцо) […]
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына жаңа басшы тағайындалды.

Previous Next Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымына филармония директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған Нұрғиса Мұратұлы Дәуешовты таныстырды. Нұрғиса Дәуешов Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистры. Түрлі жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінде, Т. Жүргенов атындағы […]
Құттықтаймыз!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиевті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды. Ақан Жылқышыбайұлына жаңа қызметте толайым табыстар, жұмысына жеміс, жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз.