ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Бүгін «Жұбанов жаққан жұлдыздар»гастрольдік концертіне арналған баспасөз брифингі өтті

WhatsApp Image 2026-04-06 at 15.26.13
Previous
Next

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында көрнекті композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Жұбанов жаққан жұлдыздар» атты гастрольдік концертке байланысты баспасөз брифингі өтті.
Жиын барысында Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы ұйымдастыратын мәдени шараның маңызы мен өткізілу барысы туралы баяндалды.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында өтетін бұл кеш өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтудың және біртұтас музыкалық кеңістікті қалыптастырудың айқын үлгісі болды.
Спикерлердің айтуынша, Қазақ камералық хорының орындауындағы бағдарлама Ахмет Жұбановтың төл шығармаларын және оның дәстүрін жалғастырушы композиторлардың туындыларын қамтиды.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Нұрғиса Дәуешов бұл жобаның кәсіби тәжірибе алмасудағы рөлін атап өтсе, Ақтөбе филармониясының басшысы Дина Ниязова Алматы жұртшылығына ұлттық хор өнерін таныстырудың маңызына тоқталды. Хордың көркемдік жетекшісі Мербол Құспанов бұл кештің классикалық мұраны дәріптеумен қатар, хор өнеріне жастардың қызығушылығын арттыруға септігін тигізетінін жеткізді.
Брифинг соңында тілшілер мен спикерлер өзара сұрақ-жауап алмасып, шараның ел мәдениетіндегі маңызы кеңінен сөз болды.

Әлеуметтік желіде бөлісу