Previous
Next
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша семинардың хаттамасы
Өту орны: Алматы қ., Толе би көшесі 35/23
Филармония, 2 қабат, конференц зал
Күні: 30.03.2026 ж.
Қатысқан адам саны- 65 қызметкер
Бағдарлама:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты және негізгі қағидаттары.
- Абзал Қуанышұлы — Жамбыл атындағы филармония директорының орынбасары.
- Тұрлықожа Толқын- комплеанс қызметіне жауапты маман.
- Абзал Қуанышұлы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына тоқталып, Жамбыл атындағы филармония қызметкерлерінің ішінен жұмыс тобын таныстырып өтті.
- Тұрлықожа Толқын комплеанс қызметі туралы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталып өтті. Сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу шаралары, комплеанс қызметінің маңызы және талаптары туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысуы мүмкін лауазымды қызметкерлердің әрекеттері және бір фактор туысқан адамдардың қызметке орналасуы, материалдық жауапкершілікті қызметтерде туыстық қатыастың болмауы жайлы да тоқталып өтті.
- Филармония Қызметкерлерінен түскен сұрақтарға спикерлер жауап беріп, ортақ мәселерді талқылап өтті.