Құрметті өнерсүйер қауым!
Жер-Ана бусанып, тіршілік атаулы түлеп, табиғат жаңару мен жаңғыруға ұмтылған Әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлыстың ұлы күні — ата-бабамыздан қалған киелі дәстүрдің, ізгілік пен молшылық мерекесі. Күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасы еріген осынау шуақты сәтте әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ тілейміз. Күмбірлеген күйіміз бен әуезді әніміз төрімізден үзілмей, ұлттық өнеріміздің мерейі қашан да үстем болсын!
Жыл басы құт-береке әкеліп, әр таңымыз жақсылыққа ұлассын. Ұлыс оң, ақ мол болс