Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті
көркемдік жетекшісі

Құрамында: Көркемдік жетекшісі — Ернар Мыңтаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Айдар Тоқталиев (1-скрипка), Алексей Лебедев (2-скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), Ернар Мыңтаев (виолончель).
Ішекті аспаптар квартетінің алғашқы құрамы 1988 жылы Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінде құрылған. Бүгінгі квартетте төртінші буын музыканттары өнер көрсетуде. Шығармашылық ұжымның негізін қалаушы – көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері көркемдік жетекшісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ернар Мыңтаев.
Мемлекеттік квартет Қазақстандағы ең үздік камералық ансамбльдердің бірі болып саналады, ол жоғары орындаушылық шеберлігімен, виртуозды ойнау техникасымен және ансамбльдік мәдениетімен ерекшеленеді. Квартеттің репертуарында көптеген әлемдік классикалық музыка мен қазақ композиторларының шығармалары бар.
Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті – Қазақстандағы жетекші камералық музыкалық ансамбль.
1995 жылы белсенді конкурстық және концерттік қызметінің арқасында квартет мемлекеттік мәртебеге ие болды.