Билеттер Kino.kz сайтында

Назар аударыңыз! Бүгіннен бастап онлайн концерт билеттерін Ticketon.kz сайтынан сатып алу тоқтатылды. Билетті 21.01.2025 ж. күннен бастап Kino.kz сайты арқылы сатып ала аласыздар!
ӨНЕР ОРДАСЫНА 90 ЖЫЛ

Бүгін — 1935 жылы 14 қаңтарда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен қара шаңырақ — Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылған күні. 1938 жылы филармонияға жыр алыбы Жамбылдың есімі берілді. 2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Академиялық мәртебе берілді. Биыл елімізде ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерге шығармашылық биік өресімен таныс болған Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік […]
«Жамбыл атындағы Казақ Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында 25 жыл»

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы Нұрғиса Тілендиев атындағы камералық залында «Pro Cultura Hungarica» премиясының және АҚШ, Италия, Франция, Ұлыбританиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты — Жанар Сулейманованың «Жамбыл атындағы Казақ Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында 25 жыл» атты концерті өтті. Бағдарламада: І бөлім: Р.Шуман — «Крейслериана», соч.16. Ф.Лист — №8 рапсодия ІІ бөлім: П.Хиндемит — […]
Қайта қойылған концерт

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында көрермендерінің сұрауымен ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің «Как И.Ильф и Е.Петров «12 стульев» сочиняли» атты концерті өтті. Кеш қайта қойылғанына қарамастан, сүйікті тыңдармандарын жинады. Концерттік бағдарламада ХХ ғасырдағы «12 стульев» кинокомедиясынан үзінді қойылым көрсетті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің […]
ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНА 90 ЖЫЛ: 2024 ЖЫЛҒЫ ТАБЫСТАР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР

Биыл Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ мәдениетінің дамуында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Ұйымдастырылған жобалар, фестивальдер мен гастрольдер ішкі мәдени байланыстарды нығайтумен қатар, қазақ мәдениетін шет елде белсенді түрде насихаттауға да ықпал етті. Филармония 2024 жылды қорытындылап, 90 жылға аяқ басты. 2024 жылы жоспар бойынша 180 концерттен, толық 244 іс-шара өткізіліп, биылғы жылдағы ерекшелік […]
Жаңа 2025 жылы құтты болсын!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы сіздерді 2025 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды. Жаңа жылда әрбір бастамаларыңызға сәттілік, еңбектеріңізге жеміс, әр шаңыраққа амандық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Philharmonic New Year фестивалінің жабылу концерті өтті

Мерекелік кештердің нүктесін Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі неміс композиторы Карл Орфтың әлем мән беріп орындайтын «Кармина Бурана» атты шығармасымен қойды. Концертте көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қанат Омаровтың дирижерлік етуімен Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуінде Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Абай атындағы ҚазҰОБТ солистері, «Құрмет» орденінің кавалері Зарина Алтынбаева, […]
«РОЖДЕСТВО С БАХОМ» концерті

Жаңа жыл қарсаңындағы концерттік кеш жалғасын тапты. Қара шаңырақ қабырғасында бүгін органист, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері Ғабит Несіпбаевтың «Рождество с Бахом» атты концерті өтті. Филармониямыздың тұрақты көрермендері жаңа жылдық фестивалмен қайта қауышқанына қуанып, концерттік бағдарламаға дейін мерекелік атмосферада бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Орган музыкасының жаңа жылдық кешінің […]
«Как И.Ильф и Е.Петров «12 стульев» сочиняли» атты концерті өтті

Концерт басталғанға дейін кешке келген тыңдармандар филармония фойесінде ұйымдастырылған жаңа жылдық бағдарламаны тамашалады. Ортаға шырша қойылып, жаңа жыл мерекесінің символы Аяз ата мен ақшақар кешке келген көрермендердің 2025 жылға деген арман-тілектерін тыңдап, өнерін тамашалап, сыйлықтарын ұсынды. Іс-шарада жаңа жылдық атмосфераны сезінген көпшілік балалық шаққа саяхаттап, ерекше әсер алды. Philharmonic New Year фестивалі аясында ұйымдастырылған ҚР […]
Филармония солистерінің жаңа жылдық концерттік бағдарламасы

Жаңа жыл қарсаңындағы концерттік кеш жалғасын тапты… 22.12.2024 күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында үшінші күн қатарынан концерттіп кеш жалғасын тапты. Қара шаңырақ сахнасында Philharmonic new year фестиваль аясында филармония солистерінің жаңа жылдық концерттік бағдарламасы өтті. Концерт басталғанға дейін, кешке келген көрермендер филармония кіреберісінде дайындалған арнайы бағдарламаны тамашалап, жаңа жылдық атмосфераны сезінді. Кеште Қазақстанның […]