ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Қайта қойылған концерт

ГДО фото

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында көрермендерінің сұрауымен ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің «Как И.Ильф и Е.Петров «12 стульев» сочиняли» атты концерті өтті. Кеш қайта қойылғанына қарамастан, сүйікті тыңдармандарын жинады. Концерттік бағдарламада ХХ ғасырдағы «12 стульев» кинокомедиясынан үзінді қойылым көрсетті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Қанат Ахметов. Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, дирижер Александр Беляков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Игорь Благодарный, халықаралық байқаулардың лауреаты Береке Енкебаева өнер көрсетті.
Көрермендер көңілінен ерекше орын алған бағдарлама биылғы жылдың алғашқы кештерінің бірі ретінде өтті. Залға лық толы жиналған көрермен оркестрдің орындауындағы музыка мен қойылымды тамашалап, көтеріңкі көңілде кешті аяқтады. Концерт соңында өнерпаздарға қошемет соғып, қимай қоштасты. Ал, біз сіздермен қоштаспаймыз, 2025-ші жыл сіздерлі ерекше бағдарламада концерттеріміз күтеді. Келесі кеште баршаңызды асыға күтеміз.

Әлеуметтік желіде бөлісу