Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы Нұрғиса Тілендиев атындағы камералық залында «Pro Cultura Hungarica» премиясының және АҚШ, Италия, Франция, Ұлыбританиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты — Жанар Сулейманованың «Жамбыл атындағы Казақ Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында 25 жыл» атты концерті өтті.
Бағдарламада:
І бөлім:
Р.Шуман — «Крейслериана», соч.16.
Ф.Лист — №8 рапсодия
ІІ бөлім:
П.Хиндемит — № 3 соната
А.Затаевич — А. Байтұрсынұлына арналған екі шығарма: «Айда, былпылым», «Тепенкөк»
Ф.Пуленк — «Неаполь» сюитасы
Қосымша ақпарат:
Жанар Сулейманова сахнада 7 жасынан бастап өнер көрсетіп келеді. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатын алтын медальмен бітірген. (М.К. Даукеева мен профессор Ж. я. Аубакированың фортепианодан және Б. Т. Аманжолдың және профессор Г. А. Жұбанованың композиция бойынша сыныптары). 1997 жылы Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясын (профессор А. Г .Севидов), 1999 жылы П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ассистентура — тағылымдамасын (аспирантурасын) (профессор Н. В. Трулль және Е. Р. Рихтер) бітірген. Пианист Италия мен Германияда шеберлік сабақтарын алып, Дж.Верди атындағы Милан консерваториясында профессор П.Бордонимен бірге итальяндық шәкіртақы тағылымдамасынан өтті. 2019 жылы пианист Париждегі Альфред Корто мектебінде Француз музыка академиясында тәжірибеден сәтті өтуі арқылы француз фортепиано музыкасының жеке орындауын жетілдіріп, Француз стипендиясын иеленді.
Мектеп жылдарында алғаш рет Көкшетау қаласында өткен республикалық пианистер байқауында және Ташкентте (Өзбекстан) өткен облыстық байқауда жүлделі орындарға ие болды. 1992 жылы АҚШ-тағы (Оңтүстік Миссури) халықаралық байқаудың финалисті және дипломанты атанды.
Жанар Сүлейманова халықаралық байқаулардан жүлделі орындарға ие болды. Италиядағы күміс финалист медалі («Лигуриядағы Пальма д’Оро»), Франциядағы «Жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасыр» халықаралық байқауында Рикардо Виньес сыйлығы, Ұлыбританияда өткен «Golden Time Talent» байқауында бірінші орын иегері атанды.
Пианист Қазақстан мен шет мемлекеттер де жүзге жуық концерт беріп келеді. Оның ішінде жеке концерттермен қатар, оркестрде, камералық ансамбльде солист болып өнер көрсетті.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен, А.Байтұрсынұлы атындағы күміс медалімен марапатталған. 2025 жылдың қаңтарында Жанар Сүлейманованың Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисі болып қызмет атқарғанына 25 жыл толды. Соның қарсаңында филармония сахнасында үлкен кеш өтті.