Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі
әкімшілік

Оркестр дирижерлері: Көркемді жетекшісі және бас дирижері – Қанат Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Қуаныш Исмаилов, Әділ Бестембеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов.
Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі ұзақ та қиын шығармашылық жолдан өтті. Оркестр 1938 жылы құрылған, 1958 жылдан бастап филармонияға мүше болып, мыңдаған адамдарды симфониялық музыканың жанды үнімен, оның ең жоғарғы формаларымен таныстыра бастады. Оның ұйымдастырушысы, жетекшісі және алғашқы дирижері Қазақ КСР-нің халық әртісі, Ресейдің халық әртісі, Татар АКСР-нің халық әртісі, есімі осы ұжым тарихына алтын әріптермен жазылған Фуат Шәкірұлы Мансұров болды. Ұзақ шығармашылық өсу кезеңінде ұжымды көптеген танымал музыканттар – Виктор Яковлев, Илья Островский, Шамғон Қажығалиев, Ғазиз Дұғашев, Тимур Мыңбаев, Ренат Салаватов, Төлепберген Әбдірашев басқарды. Ұжымның барлық серіктестерінің арасында атақты музыканттар: С. Рихтер, Л. Оборин, Н. Петров, В. Крайнев, Г. Кремер, М.Ростропович, Д. Шафран, Н. Шаховская, И. Архипова, В. Пиавко, В.Норейка, М. Биешу, Ю. Мазурок, Г. Аксельрод, А. Ведерников, Р. Керер, А.Гаврилов, Д. Шаповалов, М. Майский, Г. Муржа, Л. Тимофеева, Н. Труль және бірқатар көрнекті орындаушылар бар. Қазақ композиторларының жаңа туындыларын насихаттауда Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің рөлі зор, оркестрдің композиторлармен шығармашылық достығы күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан дәстүр. 2022 жылы оркестрге дирижер Төлепберген Әбдірашевтің есімі берілді.