ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫ

Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер байқауы

Байқаудың мақсаты :

1) қазақстандық дирижерлік мектептің дәстүрлерін сақтау және одан әрі дамыту;

2) жаңа есімдерді шығару және таныту, дирижерлік өнер саласында талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау;

3) дарынды және талантты музыканттарды анықтау және ынталандыру, Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.

Байқау 2023 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткізіледі.

Байқауға Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы 18 бен 35 жасқа дейінгі дирижерлері және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін төмендегі ЕРЕЖЕ бойынша өтінімді толтырып, құжаттарды почтаға жіберіңіз.

ЕРЕЖЕ

Әлеуметтік желіде бөлісу