2023 жылғы 09 маусымда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында концерттік мекемелердің семинары өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы композиторлар қауымдастығының және Музыка қайраткерлері одағының төрағалары, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген шығармашылық ұжымдардың басшылары қатысты.
Филармония директоры Ақан Әбдуәлиев семинардың барлық қатысушыларын құттықтап, қазіргі жағдайда ұжымдардың репертуарын жаңарту және дамыту, өзара концерттік-гастрольдік байланыстарды нығайту, әртістердің орындаушылық шеберлігімен алмасу бойынша бірқатар мәселелерді белгіледі.
Семинар қорытындысы бойынша бірлесе шешілуі қажет бірқатар маңызды міндеттер қарастырылды. Семинар соңында мекеме басшылары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.