Алматыда «Мәдени байланыстарды қалыптастыру және дамыту» тақырыбында концерттік мекемелердің семинары өтті

2023 жылғы 09 маусымда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында концерттік мекемелердің семинары өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы композиторлар қауымдастығының және Музыка қайраткерлері одағының төрағалары, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген шығармашылық ұжымдардың басшылары қатысты. Филармония директоры Ақан Әбдуәлиев семинардың барлық қатысушыларын құттықтап, қазіргі жағдайда ұжымдардың репертуарын жаңарту және дамыту, өзара концерттік-гастрольдік […]