ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жарқын әрі әсерлі іс-шара өтті

1 Маусым

Мерекелік концертте Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласымен бірге Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыкалық мектеп-интернатының оқушылары, сондай-ақ «Престиж» мектебі, №123 мектеп және Қ.А.Яссауи атындағы музыкалық мектептің оқушылары бір сахнада өнер көрсетті.

Концерт басталар алдында филармонияның кіреберісінде балаларға арналған мерекелік атмосфера ұйымдастырылды — кішкентай қонақтарға тәттілер таратылып, ойыншықтар сыйға берілді. Бұл сыйлықтар акцияны қолдаған серіктестеріміздің қамқорлығы мен жомарттығының көрінісі болды.

Концерт барысында жас таланттар сүйікті балалар шығармаларын орындап, залды жылулық пен мейірімге бөледі. Көрермендер қатарында ерекше қажеттіліктері бар балалар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, қоғамдық қорлардың өкілдері және жазғы лагерьлерден келген балалар болды — олардың барлығы концертке тегін қатысты.

Филармония барлық балаларды шын жүректен мерекемен құттықтайды! Болашақтары жарқын, қуаныш пен шығармашылыққа толы болсын!

Әлеуметтік желіде бөлісу