4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Патриоттық іс-шара тау баурайындағы «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста филармонияның ғасырға жуық тарихы бар ұжымы […]
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Ардақты ағайын, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің айқын бейнесі, халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Осы атаулы күнде әрбір азаматтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен құрмет сезімі нығая түссін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жарқын әрі әсерлі іс-шара өтті

Мерекелік концертте Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласымен бірге Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ музыкалық мектеп-интернатының оқушылары, сондай-ақ «Престиж» мектебі, №123 мектеп және Қ.А.Яссауи атындағы музыкалық мектептің оқушылары бір сахнада өнер көрсетті. Концерт басталар алдында филармонияның кіреберісінде балаларға арналған мерекелік атмосфера ұйымдастырылды — кішкентай қонақтарға тәттілер таратылып, ойыншықтар сыйға берілді. Бұл сыйлықтар акцияны […]