19 наурыз – Жаңару күні

Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты. Бүгін еліміздегі әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында аталып […]

Ұлттық спорт күні: Жамбыл филармониясы мен балалар үйіндегі Наурыз думаны

Құрметті достар, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында әр күн түрлі тақырыптарға арналғаны белгілі. Осыған сәйкес, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді. Ұлттық спортпен шұғылданатын спортшылардың бітім-болмысының өзгеден бөлектеніп тұратыны да осыдан болса керек. Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл күн спортшылар мен қарапайым халық […]