Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті
көркемдік жетекшісі
2024
құрылған жылы
Құрамында: Көркемдік жетекшісі, Халықаралық байқаулардың лауреаты — Бауыржан Жылқыбаев, Ақбар Қиарыстан (гитара), Ұланбек Ахметов (бас гитара), Асан Нарбота (гитара), Зәуре Нарбота (гитара), Бауыржан Жылқыбаев (гитара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен филармония ішінен 2024 жылы қаңтар айында тұңғыш рет Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті құрылды.
2024 жылы 20 наурыз күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті ашылуына арналған «БасТау» атты алғашқы концерті өтті.
Квинтеттің негізгі музыкалық бағыты – румба-фламенко жанрындағы музыка. Сонымен қатар, квинтеттің көркемдік жетекшісі Б.Жылқыбаевтың гитараға арнап өңдеуінде Құрманғазының, Н.Тілендиевтің, Ә.Желдібаевтың күйлері т.б. қазақ композиторларының шығармалары квинтеттің репертуарына енген.