ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Мәдени байланыстар

ФИЛАРМОНИЯ СОЛИСТІ ЖАНАР СУЛЕЙМАНОВА — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР САХНАСЫНДА

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, пианист Жанар Сулейманова Лондонда өткен «Golden Time Talent — 2025» халықаралық фестиваль-байқауына арнайы шақыртумен барып қайтты. Фестиваль аясында суретшілер, мүсіншілер мен дизайнерлердің көрмесі, музыкалық және хореографиялық байқаулар, сондай-ақ Shaw театры сахнасында концерттік қойылымдар ұйымдастырылды.

Бұл жолы пианист 14 елден жиналған танымал мәдениет қайраткерлерінен құралған қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Арнайы шақырылған қонақ ретінде өнер көрсетіп, шетел сахнасында шеберлігін паш етті. Екі күнге созылған бұл халықаралық фестиваль – мәдениет пен шығармашылықтың жарқын көрінісі ретінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздарды біріктірген ерекше оқиға болды. Мәдениет саласындағы белсенді еңбегі мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Жанар Сулейманова Ғаламдық Таланттар Конфедерациясының мүшесі ретінде арнайы марапатқа ие болды.

Әріптесімізге шығармашылық жолында толағай табыс, шалқар шабыт тілейміз!

Париждегі мерейтойлық көрме: Нұрғиса Тілендиевке тағзым

Париж қаласында ХХ ғасырдың ұлы композиторларының бірі, дирижер және қазақ музыкасының аңызы — Нұрғиса Тілендиевке арналған мерейтойлық көрме ашылды.

Салтанатты шараға елшілер, дипломаттар, ЮНЕСКО өкілдері және париж тұрғындары қатысты.

«Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты көрме композитордың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Экспозицияда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорынан алынған шамамен 70 бірегей жәдігер қойылған: қолжазбалар, партитуралар, жеке заттар мен композиторға сыйға тартылған аңызға айналған «Дариға домбыра».

Көрме ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде орналасқан және 2025 жылғы 19 маусымға дейін жалғасады.

Нұрғиса Тілендиев — 500-ден астам шығарманың авторы, фильмдер мен спектакльдерге арналған музыканың жазушысы, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы. Оның шығармашылығы Қазақстанның ұлттық өнерінің алтын қорынан ерекше орын алады.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Бұл шараның мақсаты: екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту және мәдени қарым-қатынасты одан әрі дамыту.

Т.Абдрашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі және жапондық классикалық музыканың заманауи әлемін көрсететін жапондық жеке орындаушылар – Маюко Катсумура (скрипка) және Казухиро Миямура (гобой).

Бағдарламада қазақ және жапон классикалық музыкасының заманауи композиторлары Ғазиза Жұбанова, Хироси Хошин, Хироси Огуридің шығармалары орындалды.

Концертке классикалық музыка тыңдаушыларынан қатар Жапонияның Қазақстандағы елшісі Ямада Джун, БҰҰ өкілі Властимил Самек және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі қатысты.