ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Керімбаев Мұса

Керімбаев Мұса Қуанышбекұлы 1979 жылы 5 қаңтарда дүниеге келді. А.Жұбанов атындағы РҚМММИ және Құрманғазы атындағы консерватрорияны және аспирантураны бітірді. Виолончель сыныбы бойынша Жакеева С.М және Баспаева Д.К мұғалімдерінен тәлім алды.

Әр жылдары халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, беделді марапаттар мен лауреат атағын иеленді. 2013 жылы «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» атағын алды.

Мұса Керімбаев түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, әлемнің көптеген танымал музыканттары, солистері және дирижерлерімен бірге өнер көрсетеді. Мұса өз елінде және шетел мемлекеттерінде белсенді концерттік іс-шаралар жүргізеді.

Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясының солисті.

Әлеуметтік желіде бөлісу