Мұса Керімбаев — виолончелші, «Мәдениет саласының үздігі», Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, Құрманғазы атындағы ҚҰК түлегі. Әр түрлі құрамда және солист ретінде концерттік қызметті белсенді жүргізеді.
«Шабыт» Халықаралық байқауы 1 сыйлық (1999), Халықаралық камералық музыка байқауы Гран-при (2000), Халықаралық камералық музыка және квартеттер байқауы 1 сыйлық (2014), Т.Гайдамович атындағы Халықаралық камералық музыка байқауы (2018), А.Пьяццолла атындағы халықаралық ансамбльдер байқауы Гран-при (2022), А.Сырлыбаев атындағы республикалық камералық музыка байқауы Астана қ. Гран-при (2023)
Камералық, симфониялық оркестр, камералық ансамбльдер, дуэт, трио, квартет құрамында және солист ретінде белсенді концерт өткізеді. Ол В.Гергиевпен, О.Крысамен, Винницкиймен, С.Ролдугинмен, П.Домингомен және басқа да әртістермен, дирижерлермен бірге өнер көрсетті.