Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мәдениет қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалері. Органшы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. Орган музыкасының тақырыптық филармониялық бағдарламаларының бірқатар циклдарының авторы. Жақын және алыс шетелдерде өз өнерін паш еткен. Теледидар мен радио қорларында дыбыстық жазбалары бар.