ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті оқырмандар, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы баршаңызды бүгінгі 6 шілде — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтайды. 2018 жылы Ел Президентінің бастамасымен бекітілген бұл мереке — дәстүр мен өнерге деген үлкен құрметтің көрінісі. Қасиетті қара домбыра – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыздың айнасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтау жазбасында «Өскелең […]

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы ақпарат кеңістігінде тынымсыз еңбек етіп жүрген журналистер мен медиа саласы мамандарын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды! Ақпарат саласындағы шығармашылық ізденістеріңіз бен жанкешті еңбектеріңіздің арқасында мәдениет пен өнер кеңінен насихатталып, халық пен руханият арасында алтын көпір орнап келеді. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, бақ-береке тілейміз!

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы барша мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Еліміздің өркендеуі мен тұрақты дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан сіздердің адал еңбектеріңіз әрдайым құрмет пен қолдауға лайық. Сіздерге зор денсаулық, табыс және толағай жетістіктер тілейміз!

МЕМЛЕКЕТТІК ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ШЫМКЕНТТЕ

Previous Next Құрметті достар, 15-17 маусым аралығында Шымкент қаласында алғаш рет республикалық оркестрлер шеруі өтті. Айтулы шара Қала күні қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, қаланың мәдени өміріндегі ең айтулы мерекелерінің бірі ретінде атап өтілді. Оркестрлер Шеруіне 90 жылдық тарихы бар өнер ордасы — Жамбыл атындағы филармония атынан ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі өнерсапарға барып […]

15 маусым — ӘКЕЛЕР күні

Қадірлі достар, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы барша әкелер қауымын «Әкелер күнімен» шын жүректен құттықтайды! Сіздердің мейірімдеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз ұрпақ тәрбиесінде үлкен рөл атқарады. ⠀ Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын! ⠀

«ХХ25» ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Бүгін филармонияның 90 жылдығы аясында Төлепберген Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «ХХ-25» атты фестивалінің ашылу концерті өтті. Халыққа классикалық өнерді насихаттауды мақсат еткен филармонияда екінші рет өтіп жатқан фестивальдің мақсаты — ХХ ғасырдағы және заманауи композиторлардың симфониялық шығармаларын жарыққа шығару, өткен ғасырда туған идеялардың бүгінгі күнмен үндесуін паш ету. Биылғы фестивальдің басты мақсаты […]

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Бұл мейрам – бауырмалдық пен мейірімділікке, рухани тазалық пен сабырға үндейтін ұлы күн. Жасаған дұға-тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ БРИФИНГ ӨТТІ

Previous Next Баспасөз конференциясы «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығы аясында атқарылған және жоспардағы іс-шаралар | ХХ25 фестивалі» тақырыбында өтті. Баспасөз мәжілісінде филармония директоры Ақан Абдуалиев пен Т.Әбдірашев атындағы ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Қанат Омаров тақырып аясында сөз сөйледі. «90 жылдық мерейтой — кез келген мәдениет ошағының […]

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Патриоттық іс-шара тау баурайындағы «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста филармонияның ғасырға жуық тарихы бар ұжымы […]

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! 

Ардақты ағайын, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің айқын бейнесі, халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Осы атаулы күнде әрбір азаматтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен құрмет сезімі нығая түссін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!