ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

«ХХ25» ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

гасо

Бүгін филармонияның 90 жылдығы аясында Төлепберген Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «ХХ-25» атты фестивалінің ашылу концерті өтті.

Халыққа классикалық өнерді насихаттауды мақсат еткен филармонияда екінші рет өтіп жатқан фестивальдің мақсаты — ХХ ғасырдағы және заманауи композиторлардың симфониялық шығармаларын жарыққа шығару, өткен ғасырда туған идеялардың бүгінгі күнмен үндесуін паш ету. Биылғы фестивальдің басты мақсаты — шет елдердегі ЖОО білім алып, жұмыс істеп, бүгінгі күні шет мемлекеттерде етене танылып үлгерген қазақ жастарының Қазақстанға келіп өнер көрсетіп, тыңдармандарға өнерлерін насихаттау.

Фестиваль-концертте Қанат Омаровтың жетекшілігіндегі Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуінде арнайы Бельгиядан шақырылған халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Меруерт Карменова өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада әлемдік симфониялық өнердің таңдаулы туындылары ұсынылды. Филармонияда өткізілген бүгінгі іс-шара – дәуірлер мен ұрпақтар үнінің тоғысқан тұсы, өнер арқылы салынған рухани көпірдің нағыз көрінісі.

Әлеуметтік желіде бөлісу