Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар Сазы» оркестрі.
Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Дінзухра Тілендиева.
Дирижер: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі — Жалғасбек Бегендіков,
Халықаралық байқаулардың лауреаты — Әбілқайырхан Бейсеков.
Солистер:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Гүлзат Дәуірбаева,
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері — Әйгерім Шәріпбек,
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Фархат Кубиев,
Нұрғалым Аманбаев,
Жұлдыз Байжұма,
Аяжан Қуанышалиева,
Айдос Жабағин
Бағдарламада:
Н.Тілендиев – «Ата толғауы»
Ә.Қазақбаев — «Жамбыл» операсынан дуэт
С.Мұхаммеджанов – «Тербеледі тың дала»
Г.Доницетти — «Линда ди Шамуни» операсынан Линданың каватинасы
Халық әні — Гауһартас
Л.Хамиди – «Бұл – бұл»
Н.Тілендиев – «Кел еркем Алатауыңа»
Н.Тілендиев – «Жан сәулем»
А.Зацепин – «Вальс о весне»
Е.Брусиловский — «Қыз Жібек» операсынан «Гәкку»
Л.Делиб — «Испанское болеро»
Н.Тілендиев – «Жан жарым»
Н.Тілендиев – «Қарлығаштар»
Ч.А.Биксио — «Mamma»
Л.Ардити – «Поцелуй»
Д.Тілендікеліні — «Бибігүлге»
Н.Тілендиев – «Көңілді бикеш»
Ф.Легар — «Джудитта» операсынан Джудиттаның ариясы
Дж. Россини — «Севильский Цирюлник» операсынан Фигароның каватинасы
Халық әні — «Ақ қурай»
Н.Тілендиев – «Аққу»
1982 жылы дүниеге келген Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы – этнографиялық оркестрі қазақтың ұлттық музыка аспаптарының – қазіргі заманғы және байырғы аспаптардың аса бай жинағымен танысу мүмкіндігін береді. Домбыра мен қобыздан басқа «Отырар сазы» оркестрінде байырғы қазақ аспаптары – жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай мен сазсырнай, сыбызғы, сондай-ақ ұрмалы аспаптар – асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, қайрақ үн қатады. Осындай дыбыстардың алуан түрлілігі оркестрге ұлттық фольклордың бай төлтума үлгілерін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді. Оркестрдің алғашқы бас дирижері, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы, белгілі қоғам қайраткері, композитор Нұрғиса Тілендиев ұжым алдына осындай биік мақсат қойып, ол басқарған оркестр миниатюралар мен әндерді ғана емес, ірі драмалық ойларды да жеткізе алатын мүмкіндігі кең ұжым қатарына көтерді. Бүгінде ұрпақтар сабақтастығын паш ететін оркестрге Н.Тілендиевтің қызы – Динара Тілендиева жетекшілік етеді.