Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Алматы қаласындағы Француз Альянсының 20 жылдығын мерекелеуге арналған баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға француз әртістері әнші Ғаби Артманн, Фредерик Жуанне, сондай-ақ Францияның Қазақстандағы елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолон, Алматы Француз Альянсының Директорлар кеңесінің мүшесі Ажар Әбділдина және филармонияның директоры Ақан Абдуалиев қатысты. Ұйымдастырушылар журналистерге алдағы концерттің бағдарламасын таныстырды, сондай-ақ Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрімен және Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттерімен бірлесе өткізетін жобалар туралы ақпарат берді. Естеріңізге сала кетейік, ертең сағат 18:00-де филармонияның үлкен залында француз әртістері мен филармония әртістерінің бірлескен концерті өтеді.