Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақ қолында. Кішкентай да болса, үлкеннің назарын өзіне аударған балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жас өрендер мен балдырғандарды бүгінгі мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын деп тілейді. Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілейміз!