Құрметті достар,
Бүгін, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығына, сондай-ақ, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы, күйші-композитор, дирижер Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрдің жабылу салтанаты өтті.
Бес күн бойы мәдениет пен өнердің қара шаңырағын бояумен бейнелеген қатысушылар О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері: Бультенова Динара Халиуллақызының жетекшілік етуімен Мубарак Назерке, Лосева Лидия, Умбетова Жазира, Алмаз Алтынай , Грачева Варвара және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернаты мен колледжінің студенттері, Сұлтан Абай Маратұлы жетекшілік етуімен: Ушакова Виктория, Ахаман Алина, Елеусіз Тоғжан, Серік Альмира , Еркараев Райымбек ұйымдастырушылар атынан алғыс хат пен арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Өнер мен ұрпақ сабақтастығын тоғыстырған бұл жоба жарқын әсерлермен аяқталды!