Бүгін пленэр аясындағы шығармашылық сапарымыз Алматы облысы, Жамбыл ауданының киелі мекені – Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейінде жалғасты. Қазақтың алып ақыны, халық жыршысы Жамбыл Жабаевтың рухы сезілетін бұл мекен – жас суретшілер үшін шабыттың қайнар көзіне айналды.
Пленэрге қатысушы жас суретшілер күннің алғашқы жартысында мұражайдың сыртқы көрінісін бейнелеуге кірісіп, тарихи ғимараттың сәулеттік ерекшелігін, ұлттық рухты дәріптейтін элементтерін бояумен жеткізуге тырысты.
Сонымен қатар, биыл 100 жылдығы үлкен көлемде аталып жатқан Қазақ және КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішін бейнелеп, ұлы композитордың болмысын көркем өнер арқылы өрнектеуге ұмтылды.
Бұл күн – тек сурет салумен шектелмей, жас таланттардың тарихи танымын арттырып, мәдени-рухани білім көкжиегін кеңейтті. Мұражай қызметкерлері де қатысушыларға экскурсия өткізіп, Жамбыл ақынның өмір жолы, шығармашылығы туралы мазмұнды әңгіме айтты. Бұл – әрбір суретші үшін ерекше әсер қалдырған тағылымды әсер қалдырды.
Іс-шара – тек шығармашылық қана емес, тұлғалық қалыптасудың, ұлттық құндылықтарды сезініп, терең қабылдаудың алаңы.
Күні ертең, 30 мамыр, сағат 10/00-де «Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэр қорытындыланады.