Оның аясында, 2025 жылы 21 тамызда Бішкек қаласындағы А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрында Қазақ және КСРО Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» атты салтанатты шығармашылық кеш өтті.
Қазақ музыкасының тұтас бір дәуіріне айналған композитордың мерейтойы А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылды. Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы, Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы, Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы, композитордың қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева арнайы келді. Екінші тараптан Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиев қатысты.
Концертте еліміздің ең үздік шығармашылық ұжымдары мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Қырғызстанның өнерпаздары өнер көрсетті.
Нұрғиса Тілендиевтің мәңгілік мұрасы бауырлас қырғыз елінде де ерекше құрметпен ұлықталды