Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатыр. Талантты музыканттарымыз әлемдік сахналарда табысты өнер көрсетіп жүр» — деп атап өтті. Сонымен қатар, Президент көптеген өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Марапаттың ішінде ең қуантарлығы – мемлекет басшысының ұлттық өнерге құрметі іспетті, ұлттық өнер майталманы Қайрат Әукенұлы Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Бүгінгі мереке – ұлт руханиятының өркендеуіне, мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне құрмет көрсету күні.
Осы ретте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның атынан келген филармонияның бірнеше қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын филармония директоры Ақан Абдуалиев табыс етті. Сонымен қатар, өз атынан да бірталай қызметкерлерді Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапаттады.