Құрметті БАҚ өкілдері!
2026 жылдың 30 сәуір күні сағат 14:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) алаңында жыл сайынғы дәстүрлі «Гүл Алматы – 2026» V фестивалінің ашылуына арналған баспасөз брифингі өтеді.
Бесінші мәрте ұйымдастырылып жатқан фестиваль – еліміздегі хор өнерін жаңғыртуға және жас таланттардың кәсіби өсуіне бағытталған бірегей шара. Брифинг барысында спикерлер фестивальдің бағдарламасы, қатысушы ұжымдардың құрамы және отандық хор мектебінің бүгінгі жай-күйі мен болашағы туралы кеңінен ақпарат береді.
Брифинг спикерлері:
- Нұрғиса Мұратұлы Дауешов – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры;
- Бейімбет Демеуов – Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Гүлмира Құттыбадамова – Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Ян Рудковский – Құрманғазы атындағы ҚҰК хорының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Айнұр Уалиханқызы – А. Жұбанов атындағы РҚМММИ хор бөлімінің меңгерушісі
Биылғы фестиваль аясында балалар хорлары мен кәсіби ұжымдардың сахналық үндесуі, қазақ композиторларының жауһарлары мен Алматы туралы жаңа туындылардың орындалуы жоспарланған.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинг залы.
Күні мен уақыты: 30 сәуір 2026 жыл, сағат 14:00-де
Барлық сұрақтар бойынша және тіркелу үшін Жамбыл атындағы филармонияның баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.
+ 7 701 471 70 96 Айымхан Сабырханқызы