ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

«Филармония жас суретшілер көзімен» атты пленэрдің марапаттау рәсімі

пленэр зак.афиша

2025 жылдың 30 мамыр күні сағат 10:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 90 жылдығы және Н.Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойларына орай суретші студент жастардың өнерін насихаттау мақсатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжі және О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік — қолданбалы өнер колледждерінің бірлескен «Филармония жас суретшілердің көзімен» атты пленэрлік көрме өтеді.
Пленэрдің негізгі мақсаты – еліміздің жас суретшілерінің шығармашылығына қолдау көрсету, олардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, ұлттық өнеріміздің терең мәнін қазіргі жастар көзімен жаңаша көрсетуге мүмкіндік беру. Пленэрдің ерекшелігі – қатысушылар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясындағы мерейтой тақырыбының аясында құрылыс нысандары мен шығармашылық ұжымдарды суреттейтін болады. Бұл шара жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың туындыларын көпшілікке танытуға мүмкіндік береді.
Көрме туындылары қылқалам шеберлерінің шабыты мен шеберлігінің айғағы болып табылады. Қатысушылардың ұсынған композициясы келушілер үшін шығармашылық процеске тереңірек енуге және қазақтың ұлттық өнері мен мәдени дәстүрлерінің құндылығын сезінуіне орасан зор әсер етеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу