ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫ

Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы «Шын жүректен….» атты хор музыкасының кешімен концерттік сапар өткізіп келді.

Концерттік сапар аясында 2023 жылдың 26-27 қазан аралығында
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы Тараз қаласындағы К.Әзірбаев атындағы филармонияның «Баласағұн» концерттік залында және де Шымкент қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясында  «Шын жүректен….» атты хор музыкасының кешін  өткізді.
Меморандум аясында өткен кеш соңында өнер ұжымына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Кенен Ата филармониясының Алғыс хаттары табысталды.
Жоғары дәрежеде өткізілген кештің аты затына сай болып, жүректен жүрекке жетті.
Кеш соңында тыңдарман рухани демалып, өнер майталмандарын дуқол шапалақтың астына қалдырды.
Әлеуметтік желіде бөлісу