ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың республикалық байқауы

45b8e8ca-97ea-4b29-9ca1-91f5047dc733 — копия
 
Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыру комитеті өткізеді
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
1. Қазақ халқының дәстүрлі ән өнерін сақтау, дамыту және кеңінен насихаттау, оның өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі рөлін күшейту;
2. Ән өнері арқылы кәсіби шеберлікті жетілдіру, қазақстандық патриотизмді және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
3. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Майра Уәлиқызы, Мұхит Мерәліұлы, Естай Беркімбайұлы, Кенен Әзірбаев және өзге де халық әншілері мен ақындарының шығармаларындағы адамгершілік пен патриотизм тақырыбын насихаттау. Конкурсқа облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейіндегі байқаулардың жеңімпаздары болып табылатын 20-дан 35 жасты қоса алғандағы дәстүрлі әншілер қатыса алады (Әміре Қашаубаев атындағы байқаудың алдыңғы байқауларында Гран-при иегері атанған тұлғалар қайта қатысуға жіберілмейді).
Конкурс 2 кезең тұрады:
1. Дәстүрлі ән орындау (I-II тур, 25-27.10.2026 ж. Үлкен зал)
2. 27.10.2026 ж. Гала-концерт
3. І кезең – 2026 жылдың 25 тамыз – 15 қыркүйек аралығында – осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді электрондық нұсқада мынадай құжаттар мен материалдарды (бұдан әрі – өтінім) қоса бере отырып қабылдау: қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың PDF көшірмесі; студенттер үшін – оқу орнынан, жұмыс істейтіндер үшін – жұмыс орнынан анықтама; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейіндегі байқаулардың жеңімпаз атанғанын растайтын сертификат және (немесе) диплом; 13х18 сантиметр көлеміндегі Конкурсқа қатысушының түрлі — түсті екі фотосуреті (JPEG форматында); байқауға қатысушының өнер көрсететін бейнежазбасы (Әміре Қашаубаевтың әндерінің тізімінен таңдап алынған екі шығарма, жылжымайтын камерамен кемінде 1280×720 (HD) ажыратымдылықта, монтажсыз және аудиоөңдеусіз). Орындалатын шығармалар бағдарламасы мен өтінім электрондық поштаға жіберіледі: philarmon@mail.ru, анықтама телефоны: +7 727 291 71 49, +7 747 659 9504;
4. ІІ кезең – 2026 жылдың 15 қыркүйегінен 25 қыркүйегіне дейін – осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған өтінімдерді қарау және алдын ала бейнеіріктеу жүргізу. Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша негізгі кезеңге өткен қатысушылардың тізімі ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында және Instagram мен Facebook әлеуметтік желілерінде 2026 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірілмей жарияланады. Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ұсынылған өтінімдері қарауға жатпайды.
5. ІІІ кезең – 1 тур. 2026 жылдың 26 қазан күні өткізіледі;
6. ІV кезең – 2 тур. 2026 жылдың 27 қазанында өткізіледі;
7. V кезең – 2026 жылдың 27 қазанында — Конкурс қорытындысын шығару және Конкурс жеңімпаздарын марапаттау және Гала-концерті өткізіледі.
 
 

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

Әлеуметтік желіде бөлісу
 Версия сайта для слабовидящих