4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті.
Патриоттық іс-шара тау баурайындағы «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста филармонияның ғасырға жуық тарихы бар ұжымы Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы мен Алматы гарнизонының үрлемелі оркестрі Мемлекеттік Әнұранды орындады.
Ал, салтанатты іс-шарадан кейін көпшіліктің назарына қаладағы жетекші шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.