«Ерен еңбегі үшін» медальінің иегері, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты. Базарбаева-Сахаман Динара Сүйерханқызы – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисті. Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты. Өнертану Магистрі.
Динара Базарбаева-Сахаман – Қазақстан скрипка мектебінің жарқын өкілі. Ол жеке және камералық ансамбльдер құрамында өнер көрсетеді. Өнер жолында Қазақстанмен қатар АҚШ, Ресей, Үндістан, Израиль, Франция, Италия, БАӘ, Испания, Швейцария, Мальта, Антигуа мен Барбуда, Германия, Австрия, ҚХР, және т.б мемлекеттер сахналарында өнер көрсеткен.