Республикалық байқаулардың лауреаты. 2013 жылдан бері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының жеке орындаушысы болып жұмыс істейді. Ресейдің, Израильдің, Әзірбайжанның, Австрияның концерт залдарында өнер көрсетті. 2022 жылы Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауының лауреаты.